$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында жел күшейіп, тұман түседі.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазгидромет 30 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан облысының батысында,таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 18 м/с күтіледі. 

Атырау облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0