Жол көлік оқиғасы Абай мен Брусиловский көшелерінің қиылысында орын алған. Бұл туралы СТВ телеарнасының тілшілері хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Nexia маркалы көлік Брусиловский көшесімен солтүстік бағыттан келе жатқан. Бағдаршамның жанып-өшіп тұрған жасыл түсінен өтіп кетпек болған оны Абай көшесімен келе жатқан Toyota Ipsum көлігі соғыпты. Апат салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуінің жағдайы аса ауыр халде.