$ 458.85 € 503.5 ₽ 5.59

Көкшетауда медициналық мекеме аумағынан ер адамның мәйіті табылды

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын және нақты себептерін анықтауда.  

Фото: iStock
Фото: iStock

Көкшетау қаласындағы медициналық мекемелердің бірінің аумағынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, марқұм осы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан науқас болған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қарашада тіркелген. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын және нақты себептерін анықтауда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0