27.11.2026, 13:00

Шу қаласында бірге тұрған ер адамның соққысынан 50 жастағы әйел көз жұмды

Фото: © Pixabay.com

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Жамбыл облысының Шу қаласында бірге тұрған ер адамның соққысынан ауыр жарақат алған 50 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство қайғылы жағдайды растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 24 қарашаға қараған түні болған.

Марқұмның қызының айтуынша, анасы күдіктімен шамамен он жыл бірге тұрған. Осы уақыт аралығында әйел бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген әйел комаға түскен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, науқас көз жұмды.

Әйелге күш қолданды деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Тегтер: Шу өңірі