Алматы қаласының Теректі шағынауданының тұрғындары жол мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қамшат, Үстірт, Шаттық және Тәуелсіздік көшелеріне асфальт төселмеген. Желіде жарияланған бейнежазбадан жолдың ой-шұңқырларына су жиналып, батпаққа айналғанын көруге болады. Мұндай жағдайда жаяу жүргіншілердің де, көлік жүргізушілерінің де қатынауы қиын.
Тұрғындар Алматы әкімдігіне әлеуметтік желі арқылы үндеу жасап, жол салып беруді сұрады. Қала әкімдігі аталған төрт көшені қашан жөндеп, тұрғындарды батпақтан арылтады?