$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

Қызылордалық әйел жедел жәрдем көлігінде босанды

Оқиға 25 қарашада Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде болған. 

Фото: instagram.com/ sekseul_103
Фото: instagram.com/ sekseul_103

Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері жүкті әйелді ауруханаға жеткізіп үлгермей, босандыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Нәресте жедел жәрдем көлігінің ішінде дүниеге келді.

Оқиға 25 қарашада Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде болған.

Шақыртуға жедел жеткен фельдшерлер Кәмшат Оразғалиева мен Сәрсенбай Өмірбек босану процесі басталған әйелге шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Медицина мамандарының үйлесімді әрі кәсіби әрекетінің арқасында ана мен бала аман-есен босанды.

Жедел жәрдем бөлімінің хабарлауынша, бұл бригаданың көлік ішінде босандыруды қабылдаған алғашқы жағдайы емес. Фельдшерлер бұған дейін де осындай жауапты сәттерде кәсіби шеберліктерін көрсеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0