$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Екі аптаға жетпей тесілген жол: Ақтауда бюджет қаржысына салынған жолдың сапасына кім жауап береді?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында тұрғындар жаңадан жөнделген жолдың сапасына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, асфальт төселгеніне небәрі екі апта болса да, жолдың бетінде шұңқырлар пайда болып, кей тұстары бүлінген. Желіде тараған видеодан жол жабынының тегіс еместігін және бірнеше жерінің бұзыла бастағанын байқауға болады. Тұрғындар жолдың осынша қысқа мерзімде жарамсыз күйге түсуіне не себеп болғанын анықтауды талап етуде. Ал Ақтау қаласының әкімдігі мердігердің жұмысын қаншалықты қадағалады және сапасыз төселген жолды қабылдауға кім жауапты деген сұрақ туындайды. Жергілікті халық жауапты мекемелерден жол сапасын қайта тексеріп, анықталған кемшіліктерді мердігер есебінен жоюды талап етіп отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0