$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

47 сағаттан астам кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма?

FlyArystan өкілдері жазбаға жауап беріп, жағдайды анықтау үшін брондау нөмірін жіберуді сұраған. 

Фото: kompastour
Фото: kompastour

FlyArystan әуе компаниясының жолаушысы рейстің 47 сағат 10 минутқа кешігуіне байланысты шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, компания билет құнын қайтарудан бас тартып, ұшуды сол бағыт бойынша 14 күнге кейінге ауыстыруды ғана ұсынған.

Жолаушыларға ақшаны қайтару тек рейс алғаш ауыстырылған кезде мүмкін екені алдын ала ескертілмеген.

Бұдан кейін рейс тағы төрт рет кейінге шегеріліп, жолаушылар қосымша шығынға ұшыраған. Шағым иесі компаниядан шешімін қайта қарап, билет ақшасын қайтаруды талап етті.

FlyArystan өкілдері жазбаға жауап беріп, жағдайды анықтау үшін брондау нөмірін жіберуді сұраған.

Дереккөз: @zhaniya_zip

https://www.threads.com/share/_tRY2CBz3

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0