$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Президентіміз Яссауидың сопылық мұрасын таныту керегін айтты - Айнұр Әбдірәсілқызы (ВИДЕО)

Қоғамда жын, дуа және адам бойындағы тылсым құбылыстарға қатысты түрлі пікір бар. Адамға жынның әсер еткенін қалай анықтауға болады? Онымен сөйлесу мүмкін бе? Осы және өзге де сауалдарға кәсіби коуч, халықаралық дәрежедегі парапсихолог, дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Qasqa Jol YouTube арнасының кезекті шығарылымына қатысып, адам бойындағы рухани құбылыстар, жын мен дуаға қатысты түсініктер туралы ой бөлісті. Сұхбат барысында маман пейілі тар, өсек-өтірікке әуес адамдарға қатысты да пікір білдіріп, «Пейілі тар, өсек-өтірікке әуес адамға жын жабысып жүреді» деген тұжырым айтты.

Сондай-ақ әңгіме барысында Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен оның іліміне қатысты мәселелер де қозғалды. Сұхбатта Ясауи есімі аталғанда сопылық ілімнің, ал сопылық туралы сөз болғанда зікір ұғымының алға шығатыны айтылды. Сонымен қатар Ясауи ілімін зікірмен ғана байланыстырып, оның мұрасын толық қабылдамайтын көзқарастар да сөз болды.

Айнұр Әбдірәсілқызына Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу жөніндегі Президент тапсырмасының нәтижесі, Қазақстанның Ясауи ілімін әлемге таныту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы да сұрақтар қойылды.

«Сопылық ілім - діннің қайнары, өзегі, таза нәрі еді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Яссауидің мұрасын зерттеп-зерделеу керек деп, атап тұрып айтты. Сондай-ақ, тартынбай тағы бір нәрсені айтты Қожа-Ахмет Яссауидің сопылық мұрасын, зерттеп-зерделеп деп, оны таныту керек деп қадап тұрып айтты. Суфизм деген- діннің қайнар көзі, өзегі», деді ол.

Оның айтуынша, Яссауи тек Зікірден ғана тұрмайды. Алдымен Яссауидің рухани-моральдық ілімін түсініп алу керек.

«Яссауи адамзат тарихындағы өте ерек әулие болған. Мен мыңдаған әулиенің тарихын зерттегендіктен, мыңдаған әулиемен сырлас болғандықтан айтамын. Пайғамбарымыз 12 рет түсіме кіріп, айқын аянын берген, қолдан жетелеп көп нәрсені көрсетті. Қолдан келгенше бәрін орындадық әлі де сол руханияттан байланысымызды үзген жоқпыз. Талай әулиемен сұхбаттас болған жан ретінде айтамын – Яссауи өте ерек әулие. Талғампаз текті әулие. Кірпияз. Көп адамның түсіне кірмейді, қайта Яссауимен салыстырғанда Пайғамбарымыз көбірек түске енеді. Пайғамбарды түсінде көрген адамдар аз емес қой өмірде. Яссауи нағыз ақын. Бірінші кезеңде ол нағыз ақын. Пенделік күйініш-cүйініштің барлығын көріп, адамдардың руханиятқа жасап жатқан қиянатына шын күйінген, мына жалғаннан қалай аманат жанды аман, кіршіксіз, кірлетпей алып қалудың жолдарын іздеген өте сезімтал, әсершіл ақын», - дейді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0