Алматы қаласының Алмалы ауданында тұрғындар тозығы жеткен жолдың жөнделмей жатқанына шағымданды. Мәселе 1-шағынаудандағы 68/4 үйдің жанында, «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің маңында болып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде жарияланған суреттерден жолдың асфальты ойылып, әр жері шұрық-тесік болып кеткенін көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, жолдың қазіргі жағдайы көлік жүргізушілеріне қолайсыздық туғызып отыр. Олар Алмалы ауданының әкімдігінен жолдың қашан жөнделетінін сұрап, нақты жауап күтуде. Ал аудан әкімдігі тұрғындар күнделікті қатынайтын жолды қашан ретке келтіретіні әзірге белгісіз.