$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты (ВИДЕО)

Өрт толық сөндірілді.  

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол апаты 18 қараша Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында болған. Апат салдарынан жанармай таситын көлік аударылып, өртенген. Көлікті де, жолға төгілген жанармайды да жалын шарпыған.

Өрт толық сөндірілді. Көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылды. Қазір полиция жол апатының себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0