Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Абай облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан 53 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде жатқызылды. Ол медициналық мекемеде үш ай болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары әйелді Семей қаласынан анықтаған. Полицияның хабарлауынша, ол бұған дейін де бірнеше рет осындай әрекетке барған. Осы жылдың тамыз айында сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған.
Бұл жолы тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге әйелдің тұрғылықты мекенжайына барған. Сондай-ақ онымен бір үйде тұратын азаматтың да шағым түсіргені анықталды.
Оқиғадан кейін әйел үш ай мерзімге психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде орналастырылған.
Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті.