$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

Қонаевта мектеп баспалдағынан құлап кеткен 11 жастағы оқушы көз жұмды

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 16 қараша күні мектептегі үзіліс кезінде болған. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Тиісті ақпаратты Алматы облысының білім басқармасы растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 16 қараша күні мектептегі үзіліс кезінде болған. 

"Мектеп ғимаратының үшінші қабатындағы баспалдақпен сырғанамақ болған оқушы құлап, екінші қабат деңгейіне түскен. Салдарынан бас-миынан ауыр жарақат алды. Оқиға орнына дереу жедел медициналық жәрдем шақырылды. Бала аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Білім басқармасының мәліметінше, дәрігерлер екі тәулік бойы 11 жасар баланың өмірін сақтап қалу үшін күресті. Медициналық көмек көрсетуге республикалық, қалалық және облыстық деңгейдегі жетекші балалар нейрохирургтері жұмылдырылды. 17 қараша күні шұғыл ота жасалды.

"Алайда медицина мамандарының барлық күш-жігеріне және жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 18 қараша күні сағат 10:00-де баланың қайтыс болғаны тіркелді", – деп хабарлады Алматы облысының білім басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0