$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

Қарағандыдағы сауда үйінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Оны алғаш болып нысанның күзетшісі байқаған. 

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 16 қарашада болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің мәліметінше, ер адамның денесі сауда үйіндегі ана мен бала бөлмесінен анықталған. Оны алғаш болып нысанның күзетшісі байқаған.

Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.

«16 қарашада Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен өз-өзіне қол жұмсаған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп жауап берді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0