12.11.2026, 17:10

«Жаңбыр жауса, жол шөгеді»: Алматыда Достық даңғылындағы тротуар опырылып, жаяу жүргіншілерге қауіп төнді

Фото: видеодан алынған кадр

Тұрғындардың күнделікті жүретін жолының мұндай күйге түсуі қаладағы абаттандыру жұмыстарының сапасына қатысты сұрақ туғызды.

Алматыда жаңбырдан кейін Достық даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер жолы опырылып, тротуар астындағы топырақ шөгіп қалған.

Тұрғындардың күнделікті жүретін жолының мұндай күйге түсуі қаладағы абаттандыру жұмыстарының сапасына қатысты сұрақ туғызды.

«Алматы жылу желілері» бұл аумақта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтқанымен, оның кейінгі қалпына келтіру сапасы күмән тудырып отыр.

Әкімдік пен жауапты мекемелер мердігер жұмысына тиісті бақылау жүргізді ме, тротуардың қайта бүлінуіне не себеп болды?

Жаяу жүргіншілер үшін қауіпті жағдай қалыптасқан кезде, қалалық қызметтердің әрекеті мен жауапкершілігі де назардан тыс қалмауы керек. Алматы әкімдігі бұл олқылықты қашан жойып, бүлінген жолды сапалы қалпына келтіреді?

 

Видео:  @kznews.kaz

Тегтер: жаңбыр Алматы