12.11.2026, 17:40

Желіде «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталған сәті тарады (ФОТО)

Фото: Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде Нұрлан Жақыповтың ұсталған сәті бейнеленген кадрлар пайдап болды.

"Самұрық-Қазына" және "Қазақстан темір жолы" басшыларының ұсталғаны туралы жаңалықтан соң оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін  ҰҚК "Самұрық-Қазынаның" басқарма төрағасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы орган өзге ақпаратты жарияламады.

Әлеуметтік желіде Нұрлан Жақыповтың ұсталған сәті бейнеленген кадрлар пайда болды.

Айта кету керек, Нұрлан Жақыпов 1978 жылы 31 наурызда туған. 2023 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы лауазымын атқарады. 2024 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.