Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД хабарлады.
Ақтауда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басып, жергілікті тұрғындардың бірі бұл жағдайды әзілге айналдырып, көлігінің төбесіне шығып балық аулауға кіріскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алайда бұл әрекет әзілмен аяқталмай, 24 жастағы азаматқа қымбатқа түсті.
Тексеріс кезінде оның жүргізуші куәлігі жоқ екені және көліктің техникалық байқаудан өтпегені анықталды.
Оның үстіне, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылып, сот шешімімен 86 500 теңге көлемінде айыппұл төледі.
Сонымен қатар құқық бұзушының темір тұлпары арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД хабарлады. Видео: inform_qz