10.11.2026, 12:35

Президент: «Халықтық құрылыс» жұртымызды бір мақсат пен мүддеге біріктіреді»

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, осы мақсатта алдағы үш жылда Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бастамасы ел тұрғындарын ортақ мақсат пен мүддеге біріктіретінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президент мәлімдеді.

Оның сөзінше, болашақ ұрпаққа жай ғана жоспарлар мен қаржы қорын емес, халықтың игілігіне қызмет ететін нақты әлеуметтік нысандарды мұраға қалдыру маңызды.

Президент құрылыс саласын дамытуды елдің жаңғыруы мен өркендеуінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде атады.

«Құрылыс және тағы да құрылыс» деген бір ауыз сөз жаңғыру жолына түскен Қазақстанның мызғымас қағидаты, жалпыұлттық ұраны болуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы мақсатта алдағы үш жылда Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді.

Сондай-ақ Президент арнайы комиссия бөлінген қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қадағалайтынын жеткізді. Қазір комиссияның құрамы қаралып жатыр.

Тоқаев комиссия мүшелеріне қойылатын басты талап – жұмысты даңғазасыз, жоғары кәсіби деңгейде әрі нәтижелі атқару екенін атап өтті.