Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
Құрманбайұлы Шерубай – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;«Ел бірлігі» ордені
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;«Құрмет» ордені
Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі; Данченко Анна Александровна – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы; Манкеева Жамал Айтқалиқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы; Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы.«Ерен еңбегі үшін» медалі
Кузнецов Максим Александрович – «Кустовое негізгі мектебі» КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы; Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – «Bilim Group» компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы; Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы; Құрманжан Анар – «BMG UpSkill» компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы.«Шапағат» медалі
Кравчук Евгений Анатольевич – «Юрий Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы; Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы; Пимичева Анель Витальевна – «Qostanai TV» телеарнасының редакторы, Қостанай облысы; Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы.