10.11.2026, 10:30

«Уәде басқа, нәтиже басқа»: BI Group Шымкенттегі үйді тапсыру мерзімін кешіктіріп, тұрғындардың наразылығын тудырды

Фото: Инстаграм

Салдарынан баспана күткен азаматтар ай сайын 226 мың теңге несие төлеп қана қоймай, жалдамалы пәтер үшін тағы 180 мың теңге шығаруға мәжбүр. 

Шымкенттегі BI Group компаниясына қарасты «4Seasons Dream» тұрғын үй кешенінен баспана алуды жоспарлаған азаматтар құрылыс мерзімінің кейінге шегерілуіне наразы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, компания менеджерлері пәтерлерді 2026 жылдың 31 қазанына дейін тапсырамыз деп сендірген, алайда кейін мерзім 2027 жылдың ақпан-мамыр айларына ауыстырылған.

Салдарынан баспана күткен азаматтар ай сайын 226 мың теңге несие төлеп қана қоймай, жалдамалы пәтер үшін тағы 180 мың теңге шығаруға мәжбүр.

Оның үстіне, келісімшартты бұзған жағдайда компания бастапқы жарнаның 10 пайызын ұстап қалып, алғашқы айларда төленген қаражатты қайтармайтынын айтқан көрінеді.

Тұрғындар 4,2 миллион теңге бастапқы жарна төлеп, баспананың қашан берілетіні белгісіз күйде қалғанына қапалы, ал BI Group-тың уәдесі мен нақты әрекетінің арасындағы алшақтық жұрттың сеніміне селкеу түсіріп отыр. Threads: @asemaa____