$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

Ресей Нұрлан Сабыровқа 2029 жылға дейін бизнес ашуға тыйым салды

Бұл туралы ресейлік БАҚ Федералдық салық қызметі мәлімдеді.  

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабыровқа Ресейде жаңа компания тіркеуге тыйым салынды. Шектеу 2029 жылғы 25 наурызға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ресейлік БАҚ Федералдық салық қызметі мәлімдеді. 

Бұған әзілкешке тиесілі «Сабр Продакшн» компаниясының тіркеу құжаттарындағы заңбұзушылықтар себеп болған. Ресей заңнамасына сәйкес, бұрын басқарған кәсіпорнының мәліметтері Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде жалған деп танылған азаматтарға жаңа компания ашуға рұқсат етілмейді.

Тексеру барысында «Сабр Продакшн» компаниясының заңды мекенжайы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған. Осыған байланысты Нұрлан Сабыровқа 2029 жылғы 25 наурызға дейін жаңа заңды тұлғаларды тіркеуге автоматты түрде шектеу қойылған.

Мәліметке сүйенсек, комик бұл компанияны 2025 жылдың сәуірінде кинофильмдер, бейнематериалдар және телебағдарламалар өндіру әрі тарату мақсатында құрған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның таза пайдасы 14,3 миллион рубльге (қазіргі бағаммен 78 миллион теңгеден астам) жеткен. Алайда 2026 жылдың қазан айында компанияны тарату рәсімі басталған.

Еске салайық, биыл 30 қаңтарда Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жыл бойы кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Кейін әзілкештің Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны туралы ақпарат тарады.

Ал Қазақстанның Ішкі істер министрлігі комикке қатысты елде қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0