Қайғылы оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта болған.
Астанада екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта болған.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері барған. Астана қалалық полиция департаменті екі жасөспірімнің қаза тапқанын растады.
Аталған дерек бойынша полиция суицид фактісімен қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.