$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Атырау облысында көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Соқтығыс салдарынан Niva көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Фото: азаттық рухы
Фото: азаттық рухы

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан кейін көліктердің бірі толықтай өртеніп кеткен,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 7 қарашада облыстық маңызы бар Атырау – Индер тасжолының 17-шақырымында болған. Жол апатына Toyota Sienna және Niva автокөліктері қатысқан.

Соқтығыс салдарынан Niva көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Toyota Sienna автокөлігі толығымен өртеніп кеткен.

Атырау облыстық полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асырмау, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және қарсы жолаққа шығу кезінде мұқият болу қажеттігін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0