07.11.2026, 20:30

БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, ер адам мерт болды

Фото: urals media week

Оқиға салдарынан краншы сол жерде жан тапсырды.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 7 қараша күні көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында кран құлап кетті. 

Оқиға салдарынан краншы сол жерде жан тапсырды.

— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Придорожная көшесі 87-үйдің құрылыс алаңында болды.