07.11.2026, 12:40

Өскеменде №33 автобустың жолы жүргізушілердің зәресін алды: шұңқырдан көлік бұзылып жатыр

Фото: видеодан кадр

Тұрғындар жолды жөндеуді талап етіп, мәселе шешілмесе, жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертуде.

Өскемен қаласында №33 автобус қатынайтын жолдың жағдайы тұрғындар мен жүргізушілердің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жолдың шұрық-тесік болуына байланысты автобустар ойдым-ойдым шұңқырлардан өтуге мәжбүр, ал жүргізушілер көліктің астыңғы бөлшектері зақымданып жатқанын айтуда. Салдарынан қоғамдық көліктер істен шығып, жолаушылар да қиындыққа тап болған.

Тұрғындар жолды жөндеуді талап етіп, мәселе шешілмесе, жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертуде.

Енді жұртшылық облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Алмат Ақышовтан осы мәселеге қатысты нақты шара күтеді. Видео: @gde_novosti_uka