07.11.2026, 12:30

Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйелін пышақтап тастады

Фото: fishki.net

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Қарағанды облысының Абай қаласында ер адам отбасылық жанжал кезінде әйеліне пышақ жарақатын салды. 28 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға күдікті ретінде оның 34 жастағы күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ерлі-зайыптының арасында жанжал шыққан. Құқық қорғау органдарына оқиға туралы 6 қарашада жедел жәрдем қызметінің диспетчері хабарлаған.

Әлеуметтік желілерде ер адам әйеліне 26 рет пышақ сұққаны туралы ақпарат тарады. Алайда Қарағанды облысы полиция департаменті Halyqstan тілшісіне бұл мәліметті жоққа шығарды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.