06.11.2026, 18:20

Ақтаудан Дубайға тікелей рейстер қайта ашылады

Фото: vlast.kz

Ұшақтар аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері қатынайды.

FlyArystan 21 қарашадан бастап Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта жандандырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұшақтар аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері қатынайды.

Тікелей әуе қатынасы Маңғыстау облысының тұрғындарына Дубайға аралық аялдамасыз жетуге мүмкіндік береді. Қысқы маусымда қала туристерді фестивальдерімен, жағажайларымен және түрлі ойын-сауық орындарымен қызықтырады.

Дубайда саяхатшылар Dubai Shopping Festival сауда фестиваліне, Global Village мәдени-ойын-сауық кешеніне, Dubai Miracle Garden гүл паркіне және Motiongate, Legoland, Real Madrid World тақырыптық парктеріне бара алады.

Қазақстан азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктеріне 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етілген. Бұл ретте паспорттың жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы керек.

Рейс кестесі

Сейсенбі күндері:

Ақтаудан ұшу — 05:15, Дубайға қону — 09:50;

Дубайдан ұшу — 10:55, Ақтауға қону — 17:25.

Сенбі күндері:

Ақтаудан ұшу — 07:20, Дубайға қону — 11:55;

Дубайдан ұшу — 13:00, Ақтауға қону — 19:30.

Уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.

Әуе билеттерін FlyArystan ресми сайтынан, мобильді қолданбасынан және басқа да сату арналары арқылы сатып алуға болады. Жолаушылар тіркелетін багаж бен ұшақтағы орынды таңдау сияқты қосымша қызметтерді өз қажеттілігіне қарай рәсімдей алады.