Алайда кездесу соңы атысқа ұласқан.
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары арасындағы кикілжің атысқа ұласып, екі адам ауруханаға түсті. Оқиға Бурыл ауылында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал ақшаға байланысты туындаған. Куәгерлердің айтуынша, ауыл тұрғындарының бірі телефон сатып, алайда ақшасын ала алмаған. Кейін одан қарызын талап ету үшін төрт адам келген.
Алайда кездесу соңы атысқа ұласқан. Оқиға орнында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі адамды үйіне жіберсе, тағы екеуін ауруханаға жатқызған.
Құқық қорғау органдары оқ атқан адамдарды ұстады. Полиция дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.