Алайда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету тек тұрғындардың емес, нысанға жауапты мекеменің де міндеті.
Сәтбаев қалалық автовокзалының күту залындағы санитарлық жағдай мен тазалық мәселесі әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары жариялаған бейнематериалда зал ішіндегі орындықтардың сынғаны, еденде қоқыстың шашылып жатқаны, айналаның кір-қожалақ күйге түскені анық көрінеді. Жолаушылардың күнделікті пайдаланатын қоғамдық нысанының мұндай күйге түсуі алаңдатады.
Әсіресе, автовокзал секілді қалаға келушілер мен тұрғындар жиі баратын орынның тазалығы мен жайлылығы тұрақты бақылауда болуы тиіс.
Бұл жағдай автовокзалға жауапты мекеме мен жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті бақылау жүргізіліп отыр ма деген сауал туындатады.
Нысанның санитарлық жағдайын ретке келтіріп, сынған орындықтарды жөндеу, тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру қажет.
Сондай-ақ бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларды анықтап, заң аясында шара қолдану маңызды.
Алайда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету тек тұрғындардың емес, нысанға жауапты мекеменің де міндеті. Дереккөз: Threads «zhezsat.vseobovsem»