Панажайда түрлі себеппен жарақат алған, көлік қағып кеткен, әлсіреген және ауру иттер күтімде болған.
Алматы облысында жануарлар панажайының негізін қалаған Владимир Тепляковты өлтірді деген күдікпен адам ұсталды. Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алматы облысының полиция департаменті редакцияға берген мәліметінде ұсталған адамның уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады. Алайда тергеу құпиясына байланысты оның жеке басы мен қылмысқа баруы мүмкін себептері жарияланбаған.
Тепляковтың өліміне қатысты қылмыстық іс 7 қазанда тіркелген.
Бұған дейін Владимир Тепляковтың «Твардовский дом» атты иесіз жануарларға арналған панажайды 2015 жылы асырап алған ұлы Ілиястың құрметіне құрғаны хабарланған болатын. Ілияс жануарларға көмектесетін үлкен орталық ашуды армандағанымен, өмірден ерте өткен.
Панажайда түрлі себеппен жарақат алған, көлік қағып кеткен, әлсіреген және ауру иттер күтімде болған.
Тепляков қайтыс болғаннан кейін Алматы маңындағы далада 90-ға жуық ит қараусыз қалған. Осыдан кейін «ДОС» панажайының жетекшісі Рамзан Бацалов жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, жануарларды басқа панажайлар мен жеке үйлерге орналастыру жұмыстарын бастаған.