Баланың анасы әлеуметтік желіде көпшіліктен көмек сұрап, ұлының өмірі үшін күресіп жатқанын жеткізді.
Алматыда үш жасар Ахмедияр Еркінбек сирек кездесетін генетикалық ауру – Дюшенн бұлшықет дистрофиясымен күресіп жатыр. Бүлдіршіннің еміне Elevidys гендік терапиясы қажет. Препараттың құны шамамен 2,9 миллион доллар немесе 1,3 миллиард теңге, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Баланың анасы әлеуметтік желіде көпшіліктен көмек сұрап, ұлының өмірі үшін күресіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, аталған ауру баланың бұлшықеттерін біртіндеп зақымдайды. Сондықтан қажетті емді уақытында алу маңызды.
«Әйелдер, қыздар, өтінемін, ұлымды аман алып қалуға көмектесіңіздер. Балам Дюшенн бұлшықет дистрофиясына шалдыққан. Бұл ауру баланың бұлшықеттерін біртіндеп зақымдайды. Оған Elevidys гендік терапиясы қажет. Емнің құны – 2 миллион 900 мың доллар, яғни шамамен 1,3 миллиард теңге. Қазіргі уақытта қажетті қаражаттың небәрі 8 пайызы жиналды. Әрқайсыңыздың қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды», – деп жазды анасы.
Қазір Ахмедиярдың еміне қажетті қаражат жинау жалғасып жатыр. Отбасы қайырымды жандардан қолдау көрсетуді сұрайды.
Көмек көрсетуге арналған реквизиттер:
Байланыс нөмірі: +7 707 199 8049 (Фариза Маулен)
Kaspi Bank: 4400 4303 1699 3960
Halyk Bank: 4003 0351 8597 4446
Әрбір көмек бүлдіршіннің еміне қажетті қаражатты жинауға үлес қосады.