04.11.2026, 12:20

Астана – Петропавл тасжолында полиция көлігі апатқа ұшырап, қызметкер комаға түсті

Фото: Видео скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 3 қарашада болған. 

Астана – Петропавл тасжолында патрульдік полицияның қызметтік көлігі жол апатына түсті. Салдарынан 35 жастағы полицей ауыр жарақат алып, комаға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 3 қарашада болған. JAC T9 көлігінің жүргізушісі жылдамдықты және қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.

Апат кезінде полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы жол техникасын алып жүрумен айналысқан.

Жарақат алған қызметкер Шортанды аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазір оның жағдайына байланысты дәрігерлер консилиум өткізіп жатыр. Науқасты санитариялық авиация арқылы Астанадағы ауруханалардың біріне жеткізу жоспарланған.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары апаттың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.