$ 453.64 € 508.17 ₽ 5.59

«Ұмай» бағдарламасы бойынша жаңа өтінімдер қабылданбайды

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

«Ұмай» бағдарламасы бойынша қаржыландыру лимиті толық игерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Банктің баспасөз қызметі атап өткендей, «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасы қазақстандық әйелдер арасында тағы да үлкен қызығушылық тудырды.

— Бағдарламаның екінші кезеңі аясында жалпы сомасы 20 млрд 266 млн теңгеге 851 сертификат берілді. Осылайша, бөлінген қаржыландыру көлемі толық игеріліп, жаңа өтінімдерді қабылдау аяқталды. Әрбір өтінімнің артында баспаналы болу арманы тұрғанын білеміз және бұл мүмкіндіктің сіздер үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. «Ұмай» бағдарламасына білдірген сенімдеріңіз бен қызығушылықтарыңыз үшін алғыс айтамыз! — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0