$ 453.64 € 508.17 ₽ 5.59

Астанада 1 000 тонна ет сатылатын жәрмеңке өтеді

Жәрмеңке аясында тұрғындарға 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланып отыр. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 7-8 қараша күндері «Соғым-FEST» атты ауқымды ет жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Оған Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және басқа да өңірлерден келген фермерлік шаруашылықтар қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жәрмеңке аясында тұрғындарға 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланып отыр. Қала тұрғындары қажетті азық-түлікті делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып алып, қысқы соғымын қамдай алады.

Соғым – қазақ халқының қысқа дайындық кезеңімен байланысты ежелден келе жатқан дәстүрі. Бүгінде «Соғым-FEST» осы салтты заманауи форматта жалғастырып, отандық фермерлер мен елорда тұрғындарын бір алаңға жинауды көздейді. Сонымен қатар жәрмеңке жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қаланың үш нүктесінде өтеді:

  • «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;

  • «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;

  • «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

Аталған орындарға қоғамдық көлікпен де жетуге болады.

«Keruen Joly» және «Ет Әлемі» сауда орталықтарына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобустары қатынайды.

Ал «Jurt» сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 бағыттағы автобустармен баруға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0