Астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен 13 жастағы жеткіншектің ем қабылдап жатқан жағдайы әлеуметтік желіде үлкен шу тудырды. Науқас баланың анасы тараған суреттер мен ауруханадағы жағдайды көріп, есеңгіреп қалғанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Палатаның төбесі сыпырылып, қабырғасының сылағы көшіп түскен. Ал баланың жатқан орны қарапайым қатты орындықтан да тар көрінеді.
Елорда әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы миллиондаған қаржы бөлінеді делінетін медициналық мекемелердің осындай аянышты күйге жетуіне қалай жол бергені түсініксіз. Ата-аналар баласының денсаулығын жақсартамыз деп ауруханаға келіп, керісінше, санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда ем алуға мәжбүр болып отырғанына наразы.
Құзырлы органдар өкілдері әзірге бұл мәселеге қатысты мардымды жауап берген жоқ. Қоғамның наразылығын тудырған жағдайға жауапты басшылардың қашан назар аударып, қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.