$ 453.64 € 508.17 ₽ 5.59

«Бір отбасы боламыз»: Наташа Қалымбетова АҚШ-та тұратын қызын тапты (ВИДЕО)

Наташаның айтуынша, ол қызын алғаш көрген сәттен-ақ өз баласы екенін сезген. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

32 жыл бойы қызын іздеген Наташа Қалымбетова АҚШ-та тұратын қызымен қауышатын болды. ДНҚ сараптамасы олардың биологиялық ана мен қыз екенін 99 пайызға растады. Қалымбетова қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Наташаның айтуынша, ол қызын алғаш көрген сәттен-ақ өз баласы екенін сезген. Алайда АҚШ азаматы болған қызы туыстық байланысты ДНҚ сараптамасы арқылы растауды қалаған.

Зерттеу нәтижесі олардың биологиялық туыстығын 99 пайызға растаған. Осыдан кейін Наташа көптен күткен қуанышты жаңалығын айтып, алдағы кездесуге дайындалып жатқанын жеткізді.

«Мен оны көргенде бірден менің қызым екенін сездім. Ол қатты қобалжыды. Құжаттарым болғанымен, америкалық болғандықтан ДНҚ нәтижесін көргісі келді. Енді бәрі өзгереді. Біз Таиландта кездесеміз. Қызым ұлыммен де танысқысы келеді. Екі баламды табыстырамын. Бір отбасы боламыз», – деді Наташа Қалымбетова.

Сондай-ақ ол қызының Америкадан Азияға алғаш рет сапарлайтынын айтып, кездесуді асыға күтіп жүргенін жеткізді. Наташаның ұлы Қытайда білім алады. Сондықтан отбасы мүшелері Таиландта бас қосуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Наташа Қалымбетова Қазақстан Президентіне үндеу жасап, 32 жыл бұрын басынан өткен оқиғаны баяндаған еді. Ол істі Мемлекет басшысының жеке бақылауына алуды сұраған.

Наташаның айтуынша, оқиға болған кезде ол небәрі 17 жаста болған. 1995 жылы дүниеге келген қызын содан бері іздеп келген. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысының полициясы тергеу бастағанымен, куәгерлер мен нақты дәлелдердің болмауына байланысты іс ұзақ уақыт бойы алға жылжымаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0