31.10.2026, 14:00

Бангкоктегі БҰҰ халықаралық экологиялық форумында Жаңа адамдар Каспий теңізін сақтауға шақырды

Фото: Жаңа адамдар

30 қазанда Жаңа адамдар Бангкок қаласында өткен SEA of Solutions 2026 халықаралық форумында Қазақстан атынан қатысты. Форум Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP) және Шығыс Азия теңіздері жөніндегі үйлестіру органының (COBSEA) қатысуымен ұйымдастырылды. Халықаралық алаңға мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдері жиналып, теңіз ортасын қорғау мәселелері, соның ішінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Форумда Жаңа адамдар Каспий теңізін сақтау мәселесін көтерді. Antitrash Азаматтық науқанының белсенділері бұл тақырыпқа бірнеше рет назар аударып, түрлі акциялар өткізіп, жағалаудағы мемлекеттерге үндеу жолдап, теңізді қорғауға бағытталған бастамаларға қатысты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені халықаралық деңгейде көтеріп, ортақ күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өткен болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Каспий теңізі өңіріміз үшін ғана емес, бүкіл әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды мәнге ие. Қазақстан Каспий барлық өңір мемлекеттері мен басқа елдердің игілігі үшін бейбітшілік пен ынтымақтастық кеңістігі болып қалуы керек деп нық сенеді. Су ресурстары мен экология саласында бірлескен күш-жігер арқылы оны сақтау аса маңызды».

Бұл үндеу Каспий теңізін сақтауға қоғам назарын аудару мақсатында әзірленген қазақтың дәстүрлі мәдениетіне негізделген екі бейне арқылы толықтырылды. Оларды таныстырған белсенділер теңіздің тағдыры тек жағалаудағы бес мемлекеттің ғана емес, жаһандық деңгейде қолдауды қажет ететін ортақ мәселе екенін атап өтті. Белсенділер домбыра мен қобызда қазақтың әйгілі «Көңіл толқыны» және «Ерке сылқым» күйлерін орындап, музыкалық өнер арқылы басты үндеуді жеткізді: Save the Caspian Sea.

 Бауыржан Аманов, Жаңа адамдар:

«Күй арқылы біз халықаралық қауымдастықты Каспий теңізін сақтау жолында күш біріктіруге шақырамыз. Бүгінде Қазақстан Каспийдің тартылу мәселесін үлкен деңгейде көтеріп, нақты бастамалар ұсынады. Олардың қатарында су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама, бірлескен ғылыми жобалар және елдер арасындағы үйлестіруді күшейту бар. Экологиялық шешімдердің салдары бір елдің шекарасымен шектелмейді. Сондықтан шешімдерді бірлесіп іздеу маңызды».