30.10.2026, 15:50

Ағашты отап, жерді сатқан: Алматыдағы «Нұркент» тұрғындары дабыл қағуда

Коллаж: Sn.kz

Алматы қаласының «Нұркент» шағын ауданының тұрғындары аумақтағы бейберекетсіздікке байланысты өз наразылықтарын ашық түрде білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Соңғы уақытта шағын аудандағы бос жер учаскелерінде жайнап өсіп тұрған жасыл желектер мен ағаштар жаппай кесіліп, жойылып жатқаны анықталды. Тұрғындардың айтуынша, ондағы көгал мен ағаштар оталғаннан кейін, әлгі жер учаскелері лезде сатылып кеткен. Бұл жағдай көпшіліктің қатаң наразылығын тудырып, жұртшылықты әбден алаңдатып отыр. Тұрғындар осы орайда «Мегаполисте бос жер соншалықты жетіспей ме?» деген орынды сұрақ қойып отыр. Бұл мәселеге қалалық әкімдік пен жауапты мекемелер әзірге нақты жауап берген жоқ.