30.10.2026, 16:15

Семей халқы балалар алаңының жоқтығына наразы

Коллаж: Sn.kz

Семей қаласындағы Титов көшесі, 155А үйдің тұрғындары әкімдіктің әділетсіз шешіміне ашықтан-ашық наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Халық бұл аулаға балалар ойын алаңын салуды қанша сұраса да, шенеуніктер түрлі сылтау айтып рұқсат бермей қойған. Ал бұрынғы полиция қызметкері, қазіргі кәсіпкер Радик Сайфутдинов дал осы жерден автожуу орнын соғуға лезде рұқсат алып шыққан. Тұрғындар қарапайым жұрттың мүддесі аяққа тапталып, бұрынғы шендінің жеке бизнесіне жағдай жасалғанына қатты ашулы. Әкімдік өкілдері балалардың құқығынан кәсіпкердің пайдасын неге жоғары қойғанына әлі күнге дейін нақты жауап бере алар емес. Халық бұл мәселеге құзырлы органдардың тез арада араласып, әділдік орнатуын талап етіп отыр.   

Тегтер: Семей балалар