29.10.2026, 19:00

«Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді»: Неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті?

Фото: курсив

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласындағы қағазбастылық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, мұғалімдер күніне екі құжатпен ғана шектелуі керек деген талап болғанымен, бүгінде педагогтерге түрлі ақпараттық жүйелерді толтыру міндеті жүктеліп отыр. Электронды журнал мен күнделіктен бөлек, мұғалімдер, сынып жетекшілері, мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтер мен психологтар да сан түрлі жүйеге мәлімет енгізуге мәжбүр. Ал мұғалімнің басты міндеті - құжат толтыру емес, балаға білім беру. Асхат Аймағамбетов бұл мәселе мемлекет басшысының назарында екенін де атап өтті.