28.10.2026, 12:15

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Фото: nege.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар учаскелік қызмет мамандарының жалақысы еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін артады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру жөніндегі тапсырма келер жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс.

«Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту көзделіп отыр. Осы бағытта жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланған.

Президент Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді.