27.10.2026, 22:30

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен қаза тапты

Фото: Zakon.kz

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағандыда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол апаты 26 қазанда сағат 06:33-те 15-магистраль бойында, «Беркут» дәмханасының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 18 жастағы қыз көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

«18 жастағы Mazda автокөлігінің жүргізушісі көліктің жол жиегіндегі орға аударылуына жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда алған жарақаттарынан қайтыс болды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.