$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды

Құтқарушылар көмекке келген. 

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Құтқарушылар комбайнның орақ аппаратына қысылып қалған 17 жастағы жігітке көмекке келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгін Түркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында 2009 жылы туған жасөспірім оқыс оқиғаға тап болды.

— Комбайнды жөндеу жұмыстары кезінде жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, — делінген хабарламада.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0