Қайғылы жағдай туралы марқұмның қызы Алмагүл Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ақтөбе облысында теміржол бойында бензин құю кезінде өрт шығып, ауыр күйік алған жұмысшылардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жағдай туралы марқұмның қызы Алмагүл Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оқиға 13 қазанда Қорғаныш орман екпелері дистанциясының өндірістік учаскесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар 200 литрлік бөшкеде қалған АИ-92 маркалы бензинді басқа ыдысқа құйып жатқанда, кенеттен өрт тұтанған. Салдарынан екі жұмысшы да әртүрлі дәрежеде күйік алған. Олардың бірі – Жұбандық Дүйсенбаевтың денесінің 80 пайызы күйіп қалған.
Марқұмның қызының айтуынша, отбасы оқиға болғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ғана хабар алған. Сондай-ақ ол әкесінің жүргізуші болып жұмыс істегенін және бензин құю оның тікелей қызметтік міндетіне кірмегенін айтқан.