Ол Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығын басқарады.
Мәжілістің бұрынғы депутаты Ринат Зайытов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығын басқарады.
Экс-депутат жаңа қызметке қазан айының басында Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовтің ұсынысымен келген. Зайытов бұл туралы Adal ADAM YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ринат Зайытов 1984 жылы 14 қарашада Абай облысына қарасты Өркен ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген. Кейін Қазақ қатынас жолдары университетінде «Бизнес және басқару» бағыты бойынша магистратураны аяқтаған.
Еңбек жолын «Дариға-ай» жастар театрында актер ретінде бастаған. Одан кейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімде қызмет етті. Сондай-ақ Алатау дәстүрлі өнер театрының директоры болды.
2023–2026 жылдары VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты ретінде жұмыс істеді. Парламентте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында болды.