Полиция кей өңірлерде тексерулерді бастады.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауы мен көктайғаққа байланысты көліктерінің жазғы дөңгелектерін қысқысына ауыстырып үлгермеген жүргізушілерге шектеулер енгізіле бастады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Техникалық регламент бойынша қысқы кезеңде жазғы шиналарды пайдалануға ресми тыйым 1 желтоқсанда күшіне енгенімен, жол қызметтері мен полиция белгіленген мерзімге дейін-ақ шаралар қабылдап жатыр.
"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде, атап айтқанда Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жолдарда жазғы шиналармен жүруге уақытша шектеу қойылған. Мұндай шаралар ауа райы жағдайына қарай жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел түрде қабылданады.
Тексерулер қалай жүргізіледі?
Жүргізушілер нені білуі керек?
Қысқы кезеңде жазғы шиналармен көлік жүргізгені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 2026 жылы бұл сома 21 625 теңгені құрайды.