$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48

Алматыда уланған РФММ оқушыларының барлығы ауруханадан шықты

Жалпы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылған.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Алматыда Республикалдық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары үйге шығарылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған РФММ оқушылары емдеу курсынан өткеннен кейін үйлеріне шығарылған. Жалпы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылған.

— Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, хаттамаларға сәйкес емдеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан балалардың барлығы емханадан шығарылды, — деп хабарлады басқармадан.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0