$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Шымкентте өрт шығып, екі жұмысшы күйіп қалды (ВИДЕО)

Көлік жөндеу орталығындағы қою түтін мен ашық жалын бейнеленген видеолар әлеуметтік желілерде тарады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шығып, екі жұмысшыны күйік шалды. Олар ауруханаға жеткізілді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Көлік жөндеу орталығындағы қою түтін мен ашық жалын бейнеленген видеолар әлеуметтік желілерде тарады.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жетіп, жедел түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге кірісті.

Өрт екі жеңіл автокөлікті және төбе жабынын шарпыды. Жалын 56 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт сағат 19:32-де толық сөндіріліп, оның одан әрі таралуына жол берілмеді.

Оқиға салдарынан көлік жөндеу орталығының екі жұмысшысы жеңіл күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0