$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Әлемге әйгілі әнші Шакира Қырғызстанда жеке концертін өткізеді

Әнші Орталық Азияда алғаш рет жеке концертін өткізбек.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлемдік музыка жұлдызы Шакира 18 қазанға қараған түні Бішкекке ұшып келді. Әншіні «Манас» халықаралық әуежайында Қырғызстанның мемлекеттік қызмет өкілдері қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншіні қарсы алуға Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков, президент істері басқарушысының бірінші орынбасары Бообек Салимжанов және концертті ұйымдастырушылар қатысты.

Бішкекке табан тіреген Шакира Instagram парақшасында суретін жариялап, «Салам, Қырғызстан!» деп жазды.

Айта кетейік, әнші Орталық Азияда алғаш рет жеке концертін өткізбек. Шакира 18 қазанда Қырғызстан астанасында өнер көрсетеді.

Қыркүйек айының басында Қырғызстан президенті істері басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев әншінің Бішкекте концерт беретінін хабарлаған еді. Ол Шакирамен бірге түскен видеосын да әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0