Оның үстіне бұзылған аялдамалардың бетон қалдықтары да жиналмай, сол күйі шашылып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысындағы Каменный Карьер ауылының тұрғындары үш аптадан бері аялдамасыз автобус күтуге мәжбүр. 24 қыркүйекте ауылдағы екі бетон аялдама сүрілгенімен, олардың орнына жаңасы әлі орнатылмаған.
Тұрғындардың айтуынша, мектеп оқушылары мен қарттар жаңбыр мен суық желдің астында қоғамдық көлік күтіп тұр.
Оның үстіне бұзылған аялдамалардың бетон қалдықтары да жиналмай, сол күйі шашылып жатыр.
Жергілікті билік ескі аялдамалардың апатты жағдайда болғанын айтып, жаңалары жақын арада орнатылатынын мәлімдеген, алайда тұрғындардың сөзінше, 8 қазанда өткен жиында бұл жұмыс тек 2027 жылы жүргізілетіні айтылған.
Ауыл халқы күн суытқан шақта аялдамаларды неге асығыс бұзғанын және балалардың қыста қайда паналайтынын сұрап, жауаптылардан нақты шешім күтуде.